Белгілі блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Тергеу амалдарына сай, Instagram әлеуметтік желісінде (15 миллионнан астам жазылушысы бар) көп миллиондық аудиторияға ие ерлі-зайыптылар өз жазылушыларының сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған. Олар онлайн-курстарды сату арқылы заңсыз схема ұйымдастырған. Курсты сатып алғандар үшін қымбат сыйлықтар тағайындалған. Алайда курстардың нақты білім беру құндылығы болмаған және олар заңсыз лотерея қызметін формалды түрде жасыру үшін ғана пайдаланылған. Бейнематериалдардың басым бөлігі басым бөлігі ашық дереккөздерден, соның ішінде YouTube платформасынан алынған.
Күдіктілер ең көп репост жасаған қатысушыға 11-нші автокөлікті табысталғаны туралы мәлімдеу керек болған. Алайда жеңімпаз анықталмаған және сыйлық табысталмаған.
«Zhana Business» ЖШС-нің бақылауындағы шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы 247,5 млн теңгені құраған. Оның 60 млн теңгесі депозиттік шоттарға орналастырылған.
Сот санкциясымен 17 iPhone ұялы телефонына және Lamborghini Urus пен Lexus LX 600 автокөліктерін қоса алғанда, 10 автокөлікке тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қазіргі уақытта күдіктілер қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті.




