Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиева TikTok әлеуметтік желісінде жеке парақшасын белсенді түрде жүргізе бастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Azh.kz-ге сілтеме жасап .
Лора Әлиева – Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі Нұрәлі Әлиевтің қызы. Нұрәлі Әлиев – Дариға Назарбаеваның ұлы, марқұм Рахат Әлиевтің баласы. Жуырда жарияланған видеоларының бірінде Лора Әлиева өмірден өткен атасы Рахат Әлиев пен ағасы Айсұлтан Назарбаевқа арнап жазба жариялаған.
Нұрәлі Әлиев пен оның жұбайы Аида Әлиева (Берік Имашевтің қызы) төрт баланы тәрбиелеп отыр.
Биыл қаңтарда Нұрәлі Әлиев Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысты. Бұған дейін, 10 қаңтарда, ол Instagram желісіндегі парақшасында The Spark of Light атты жаңа жобаның іске қосылғанын мәлімдеген.
Лора Әлиеваның TikTok желісінде парақша ашуы әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, танымал әулет өкілдерінің жаңа жария белсенділіктері қызу талқыға түсті.



