Басты жаңалықтар
Атырау облысында оқушы балтамен сыныптастарын қуалады: мектеп директоры қызметінен кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 ақпан, 2026
- 188
Оқушы балтамен жүгірген мектептің директоры қызметінен кетті.
Атырау облысында бала ұстаған жасөспірімнің оқиғасынан кейін Құлсары қаласындағы А. С. Пушкин атындағы №6 мектептің директоры қызметінен босатылды. Оқиғаға байланысты жүргізілген қызметтік тексеру аяқталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Өңірлік білім басқармасы 5 ақпанда білім беру мекемесінің басшысына қатаң сөгіс жарияланғанын хабарлады. Ал келесі күні директор өз еркімен қызметтен кету туралы өтініш жазып, ол өтініш бірден қанағаттандырылды.
“Кадрлық шешім қабылдауға мектеп ғимаратында болған оқиға негіз болды. 10-сыныпта оқитын 15 жастағы оқушы қатарластарымен жанжалдасып, кейін оларға шабуыл жасап, оқу орнының аумағынан өз бетінше кетіп қалған”, – дейді білім басқармасындағылар.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Атырауда коллонияда сотталғандар төбелесіп, біреуі көз жұмды
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 наурыз, 2026
Басты жаңалықтар
Су тасқынына дайындық: Шығыс Қазақстанда қар қатты еріп жатыр
- авторkyn.kz
- 24 наурыз, 2026




