Нипах вирусы: Қазақстан шекарадағы санитариялық бақылауды күшейтті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:33
- 47
Қазақстанда Нипах вирусының таралу қаупіне байланысты мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елінде эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты шекарадағы бақылау шаралары қатаңдатылған.
Халықаралық әуежайларда қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға жедел ден қоюға бағытталған ведомствоаралық оқу-жаттығулар жүргізілуде.
Сонымен қатар ведомство профилактикалық иммундау жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі тиімді тетіктерінің бірі екенін еске салды. Осыған байланысты ата-аналарға ұлттық күнтізбе бойынша балалардың екпелерінің толықтығын тексеріп, қажет болған жағдайда тіркелген жері бойынша медициналық ұйымдарға жүгіну ұсынылады.




