Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақша, сатқындық, жұмыс: 10 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Ақша, сатқындық, жұмыс: 10 ақпанға арналған жұлдыз жорамал
Сурет: mosregtoday.ru
10 ақпан кейбіреулер үшін сәтті күн болмақ, ал біраз адамдар жұмыстағы сатқындықты көреді.

Бүгін кейбір кісілердің қандай да бір істе жолы болса, енді бірінің көңілі түсуі әбден мүмкін . KYN.KZ ақпарат агенттігі 10 ақпанға арналған жұлдыз жорамал ұссынады.

Тоқты

Бүгін мобильдә қосымша арқылы ірі ақша аударымдарын жасамаңыз. Техникалық ақау болып, үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Шот төлеу керек болса — оны жеке барып немесе сенімді компьютер арқылы жасаңыз.

Торпақ

Бүгін смартфондар, планшеттер, тіпті пауэрбанктер кенеттен тез отырып қалуы немесе қызып кетуі мүмкін. Гаджеттерді қараусыз зарядта қалдырмаңыз. Бүгінгі бір ғана ұшқын қымбат жөндеуге әкелуі ықтимал.

Егіздер

Бүгін мессенджердегі жазған хаттардан сақ болыңыз. Көп әзілдесу, хат алмасу өзіңізге кесірі тиіп кетпесін.  Жазған хабарламаңызды скриншот жасап, басшылыққа көрсетуі ғажап емес. Тек нақты, ресми түрде жазыңыз.

Шаян

Не ішіп жүргеніңізді және немен тыныстап жүргеніңізді тексеріңіз. Бүгін су сүзгілерінде немесе кондиционерлерде бітелу қаупі жоғары. Бұл ұсақ, бірақ жағымсыз техникалық ақауға әкелуі мүмкін.

Арыстан

Бүгін аккаунттарыңызды жөндеп қойғаныңыз дұрыс. Егер пошта мен әлеуметтік желілерде бірдей құпиясөз қолдансаңыз — бұл қауіпті. 15 минут бөліп, екі факторлы аутентификацияны қосыңыз.

Бикеш

Аяғыңыздағы ыңғайсыз аяқ киім жарақатқа әкелуі мүмкін. Егер аяғыңыздағы тамырлар ауыратын болса — бүгін сезесіз. Сұлулықтан гөрі жайлылықты таңдаңыз. Бүгінгі жұмыс қабілетіңіз аяқтың қаншалықты ыңғайлы екеніне тікелей байланысты.

 

Таразы

Бүгін жұмыста сізге опасыздық жасаған адамды кездейсоқ естуіңіз мүмкін. Ақпарат үшінші адамдар арқылы келеді. Кек алуға асықпаңыз. Дұшпанды таспен емес, аспен ұруды үйренетін уақыт келді. Керісінше, бұл сізге болашақта сабақ болады.

Сарышаян

Егер көптен бері бір затты жалға алу, сатып алу жопарыңызда болса, қол жеткізе аласыз. Бүгін сіз үшін шындық күні. Сізден жасырған құпиялар сыртқа шығуы мүмкін.

Мерген

Бүгін көзіңіз әлсіреп, мазаңызды қашыруы мүмкін. Телефонды кем дегенде екі сағатқа шетке қойыңыз. Нашар жарықта жұмыс істеу бүгін бас ауруын тудыруы мүмкін. Әр 40 минут сайын үзіліс жасаңыз. Көзіңіз демалмаса, зейін нөлге түседі.

Тауешкі

Бүгін көмектесіп жүрген «досыңыздың» шын мәнінде бәсекелес екені анықталуы мүмкін. Драма жасамаңыз — тек өз ресурстарыңызды ұмытпаңыз. Бүгін көп ашуланбай, ең қажетті деген ісіңізге назар аударыңыз.

Суқұйғыш

Салық төлеушінің жеке кабинетін тексеріңіз. Бүгін бұрынғы айыппұл шығып, мерзімі өткен соң мәселеге айналуы мүмкін. Ұсақ қарыздарды дереу төлеңіз. Бұл карталарыңыздың бұғатталуынан сақтайды.

Балықтар

Бүгін сізді «маңызды жаңалықтармен» көміп тастауға тырысады, ал шын мәнінде бұл — ақпараттық шу. Жұмыстан басқа барлық арналардағы хабарландыруды өшіріңіз. Фокусты бір жерде сақтасаңыз, кешке көпшілік байқамаған мүмкіндікті сіз көресіз

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар