«Қарыздан құтылу үшін үйімді, көлігімді сатып жібердім»: Балғынбек Имашев өзінің жалдамалы пәтерде тұратынын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:59
- 46
Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев өзінің жалдамалы пәтерде тұратынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында мәлім етті. Айтуынша, ол қарызынан құтылу үшін барлық мүлкін сатқан.
“Қазір баспанам жоқ. Қарыздан құтылу үшін үйімді, көлігімді бәрін сатып жібердім. 7 балам, келін түсірдім, анам бар бәріміз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Бірақ бұл мен үшін стресс болмады, дүние келеді, кетеді. Ол мен үшін маңызды емес”, – деді ол.
Балғынбек Имашев көпшіліктің ауыр сөздері жанына батқанын айтты.
“Адамдардың “Сен қарызсың, сен айттың, сенің кесіріңнен кіріп кеттік. Қажылыққа деген соңғы ақшамызды балаң үйтті-бүйтті” деп ауыр сөздер айтқаны тиді. Сен таза екенін білсең де, жұрттың сөзі жүрекке ауыр тиеді екен”, – деді ол.




