Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрлан Сабыров Ресей әскеріне қолдау көрсеткені үшін Қазақстанда жауапқа тартылады ма?

Нұрлан Сабыров Ресей әскеріне қолдау көрсеткені үшін Қазақстанда жауапқа тартылады ма?
Сурет: vk.com/nurlan.saburov
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Нұрлан Сабыровқа қатысты айтты.

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Нұрлан Сабыровқа қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  Онда журналистер Қойгелдиевтен Сабыров Ресей әскерін қолдап сыйлық жіберді, өзге үшінші елдермен әскери байланысқа араласты, сол үшін жауапқа тартылады ма? деген сұрақ қойған еді.

Мәжіліс кулуарында Ғалымжан Қойгелдиевтен журналистер осы жағдайға қатысты қандай шешім қабылданғанын сұрады. 

“Біріншіден, шетелдік органдардың шешіміне біз пікір білдіре алмаймыз. Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып жүрген ақпараттың бәрі тексеріліп жатыр. Ол зерттеуді қажет етеді. Ал БАҚ-та айтылып жүрген Қылмыстық кодекстің 170-бабы (Жалдамалылық) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыретіне жатады”, – деді бас прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ-та қазақстандық белгілі әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейінірек комиктің Ресей азаматтығын алудан бас тартқаны белгілі болды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар