Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағанды ауруханасында балалардың тағамынан қара қоңыздар шыққан

Қарағанды ауруханасында балалардың тағамынан қара қоңыздар шыққан
Сурет: видеодан скриншот
Қарағанды облыстық ауруханада балалардың асынан жәндіткер табылған.

Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жоспардан тыс тексеріс басталды. Бүгін онда кішкентай пациенттерге тауық еті қосылған палау берілген. Алайда тағамның ішінен жәндіктер табылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сенсек, оқиға балалардың жұқпалы аурулар бөлімінде болған. Тамақ салынған контейнерден қара қоңыздар шыққанын байқаған балалар асты жеуден бас тартты. Ата-аналар аурухана әкімшілігінен түсініктеме талап етіп, сол палауды өздеріне де ұсынып көруді ұсынған.

Ата-аналардың айтуынша, ауруханада сырттан әкелінетін тағамға қатаң талап қойылады. Енді олар аурухананың өз тамағын жеуге де қорқып отыр.

Медицина қызметкерлері өз кезегінде ауруханада жеке ас блогы жоқ екенін айтты. Тамақ арнайы компания арқылы жеткізіледі. Бүгін жеткізілген тағам партиясы толықтай ауыстырылған.

Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Люция Гомельдің айтуынша, жағдай аурухана әкімшілігіне белгілі. 

"Ақпарат түскен бойда жедел түрде қажетті шаралар қабылданды. Жеткізуші компания өкілі дереу шақырылып, тексеріс жүргізілді. Тамақтың бүкіл партиясы ауыстырылды. Қосымша ақпарат тиісті қызметтерге тексеру және шара қабылдау үшін жолданды", – деп пікір білдірді аурухана басшылығы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар