Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға оралған әзілкешке қатысты тексеру басталғанын мәлімдеді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрлан Сабуровқа қатысты тексерісті бастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Комитеттің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.
"Ақпарат назарға алынды, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп жауап берген ҰҚК.
Бұған дейін танымал қазақстандық комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны туралы жазған едік. Әзілкеш Дубайдан оралғаннан кейін Мәскеудегі Внуково әуежайында тоқтатылған. Сабуров Дубайға тегін депортациялаудан бас тартып, Қазақстанға билет сатып алған. 7 ақпанда таңертең ол Алматыға келген.




