Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев кәсіби сумо шебері Ерсін Балтағұлын "Барыс" орденімен марапаттады

Тоқаев кәсіби сумо шебері Ерсін Балтағұлын "Барыс" орденімен марапаттады
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы спорт саласындағы елеулі еңбегі үшін қазақстандық сумо шеберін ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.

Мемлекет басшысы сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесті, деп хабарлайды KYN.KZақпарат агенттігі.

Президент спортшыны былтыр Император кубогында "маэгашира" атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленуімен және жарыс қорытындысы бойынша "Канто-се" (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады. Спорт саласындағы елеулі еңбегі үшін Ерсін Балтағұлды ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.

"Жапонияға барған сапарымда сізді императордан бастап қарапайым халыққа дейін бәрі танитынын, құрметтейтінін байқадым. Бұл – зор мәртебе. Жапонияда тұрсаңыз да қазақтың атын шығарып, еліміздің беделін биіктетіп жүрсіз. Сізге ерекше ризашылығымды білдіремін", - деді мемлекет басшысы.

Ерсін Балтағұл президентке ілтипат көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің жас спортшыларымен кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

"Қазақстанның азаматы ретінде мақсатымыз еліміздің көк туын 120 миллионнан аса халқы бар Жапонияға таныту болатын. Осы бағыттан таймай, еңбек етіп келеміз. Сондай-ақ Италиядағы Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленген отандасымыз Михаил Шайдоровтың айтулы жетістігімен өзіңізді және барша қазақстандықтарды құттықтаймын", - деді Ерсін Балтағұл.

Айта кетейік, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби сумо шебері жақында Астанаға келген еді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар