Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Burger King-ке қатысты даудан кейін басшылардың бірі уақытша жұмыстан шеттетілді

Burger King-ке қатысты даудан кейін басшылардың бірі уақытша жұмыстан шеттетілді
Сурет: threads.com/@zhanat_karatay
Burger King тез тамақтану желісіне қатысты даудан соң басшының бірі жұмыстан шеттетілді.

Қазақстандағы Burger King тез тамақтану желісіне қатысты дау шыққан еді. Оқиғаға байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, министрлік бұл жағдайды бақылап отыр.

Алматы қаласының мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратайдың тұрғылықты мекенжайына барған. Оның әкесіне телефон арқылы өтінішті қалай беру керектігі және еңбек заңнамасында қандай кепілдіктер қарастырылғаны түсіндірілген.

«Жұмыс берушіден (ТОО QSR (Burger King)) алынған ақпаратқа сәйкес, ұйым ішінде қызметтік тексеріс жүргізілуде. Тексеру кезеңінде басшылардың бірі уақытша қызметінен шеттетілді», – деп хабарлады министрлік.

Сонымен қатар, министрлік компанияға қатысты тексерістің мән-жайы мен мерзімдерін нақтыламады. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланатыны айтылды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар