Екі адам қаза тамқан жол апаты: Шавкат Рахмоновтың әйелі кінәсін мойындамады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:30
- 33
ММА жауынгері Шавкат Рахмоновтың әйелі өлімге соқтырған жол апатына қатысты іс бойынша өз кінәсін мойындаған жоқ. Алдын ала сот тыңдауы Тараз қаласында өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сот отырысы барысында Гүлайым Рахмонованың адвокаты қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтаруды сұраған. Оның айтуынша, жүргізілген автотехникалық сараптама жол-көлік оқиғасының нақты себептеріне біржақты жауап бермеген.
Рахмонованың өз кінәсін мойындамады. Прокурордың сөзінше, сотқа дейінгі тергеу барысында әйел өз кінәсін мойындаған, сондай-ақ барлық қажетті сараптамалар жүргізілген.
Сот адвокаттың өтінішін қанағаттандырудан бас тартып, бұл кезеңде оны қарау ерте екенін атап өтті. Дегенмен, қорғау тарапы негізгі сот талқылауы кезінде бұл өтінішті қайта көтере алады. Қазіргі таңда Рахмонова елден кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
Айта кетсек, қайғылы оқиға 2025 жылдың жазында Жамбыл облысындағы Алматы – Екатеринбург тасжолында болды. Гүлайым Рахмонова Қарағандыдан Алматыға қарай әпкесі, ұлы және құрбысымен бірге жолға шыққан. Прокуратураның мәліметінше, ол көлікті түні бойы өзі жүргізіп, қатты шаршағанына қарамастан, рөлді басқа жүргізушіге бермеген.
Жолдың 296-шақырымында Toyota Land Cruiser маркалы жол талғамайтын көлік басқарудан шығып, қоршауға соғылған, қарсы бағыттағы жолаққа шығып, аударылған. Бір әйел оқиға орнында қаза тапса, екіншісі ауруханаға жеткізу жолында көз жұмды. Рахмонова мен оның ұлы ауруханаға жатқызылған.



