Қоғам
Бурабайда квадроциклде қыз апатқа ұшырады: бойжеткен комада жатыр
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:00
- 49
Бурабайда квадроцикл жүргізушісі ағашқа соғылып, бір қыз ауыр жарақат алды.
14 ақпан күні Бурабайда квадроцикл жүргізушісі ағашқа соғылып, бір бойжеткен ауыр жарақат алған болатын. Дәрігерлер оның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Дәрігерлер бойжеткеннің жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.
«Науқас жан сақтау бөлімінде. Оның бас сүйегі, жағы, басының ми бөлігі ашық жарақат алған. Жансақтау бөліміндегі науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр», - деді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Науқас қазір терең комада жатыр және жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр. Оның жағдайы тым ауыр болғандықтан, дәрігерлер операция жасай алмай отыр.
Айта кетсек, осы оқиғадан кейін Ақмола облысының полициясы квадроцикл иелерін жаппай тексере бастаған.


