Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Шығармашылыққа бейім болған»: Атырау облысында 10-сыныпта оқитын қыз үйінде өлі табылды

«Шығармашылыққа бейім болған»: Атырау облысында 10-сыныпта оқитын қыз үйінде өлі табылды
Сурет: istockphoto.com
10-сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған.

Атырау облысы Мақат ауданында 10-сынып оқушысы үйінде өлі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Облыстық Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Қайғылы жағдай 17 ақпан күні Доссор кентінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2009 жылы туған қыз баланың денесі өз үйінен табылған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Атырау облысы ПД мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы – өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары басталған.

Марқұм Доссор кентіндегі Бержан Қанатбаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы болған. Білім ордасы әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, ол шығармашылыққа бейім, мектеп өміріне белсенді қатысқан. Толық отбасында тәрбиеленген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар