Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

WBO допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлының мансабына қатысты шешім шығарды

WBO допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлының мансабына қатысты шешім шығарды
sports.kz
World Boxing Organization тыйым салынған мельдоний заты бойынша допинг сынамасының оң нәтиже көрсетуіне байланысты қазақстандық орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын бір жыл мерзімге жарыстардан шеттетті, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған Kazinform.

Ал чемпиондық атақтары спортшының өзіне қалдырылды.

Шеттету мерзімі аяқталғанға дейін қазақстандық боксшыға кез келген кәсіби немесе көрме жекпе-жектеріне қатысуға тыйым салынады. Орта салмақтағы бәсекелестікті сақтау және рейтингтегі үміткерлердің құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында WBO уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізуге рұқсат берді. Рейтингтің бірінші сатысындағы Дензел Бентли екінші орында тұрған Энди Сааведрамен жекпе-жекке шығады.

Ұйым сондай-ақ шеттету мерзімі аяқталған соң Жәнібек Әлімханұлы уақытша чемпионмен міндетті түрде жекпе-жек өткізуге тиіс екенін растады. Бұл талап орындалмаған жағдайда ұйым регламентіне сәйкес қосымша шаралар қабылдануы мүмкін. Аталған шешімге дейін аралық кездесу өткізуге жол берілмейді.

WBO президенті Густаво Оливьеридің айтуынша, Чемпиондық жекпе-жектер жөніндегі комитет шешімді бірауыздан қабылдаған. Жаза мерзімі 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап есептеледі. Толық қорытындылар мен талаптар көрсетілген ресми құжат кейінірек жарияланады.

Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсан айының басында WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш бірдей белбеу үшін жоспарланған жекпе-жек қарсаңында қазақстандық спортшының сынамасынан антидопинг кодексімен тыйым салынған мельдоний заты анықталғаны белгілі болған еді.

Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингісінде әлі де көш бастап тұр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар