2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының Милан, Кортина-д’Ампеццо және Италияның солтүстігіндегі өзге де қалаларда өтіп жатқан жарыстың соңғы күндерінің бірінде қазақстандық спортшылар спорттың үш түрі бойынша медаль үшін таласады.
Қазақстан уақытымен 15:00-де ерлер арасындағы 50 шақырымға шаңғы жарысы (масс-старт) басталады. Бұл бәсекеде Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков жарыс жолына шығады.
19:50-де конькимен жүгіру спортындағы Олимпиаданың соңғы сайысы – әйелдер арасындағы масс-старт өтеді. Бұл жарыста Елизавета Голубева сынға түседі.
14:45-те фристайл-акробатикадан командалық жарыстар өтеді. Алдымен іріктеу кезеңі, одан кейін финал ұйымдастырылады. Қазақстан сапынан Аяна Жолдас, Роман Иванов және Асан Асылхан өнер көрсетеді.
Ал Қазақстанда ресми түрде 22 ақпан басталған сәтте, түн ортасынан кейін мәнерлеп сырғанаушылардың гала-шоуы өтеді. Бұл — жарыс емес, тек Михаил Шайдоровтың Олимпиадада көрсетілмеген жаңа бағдарламасын тамашалауға мүмкіндік.
Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын спорттың 10 түрі бойынша 36 спортшы қорғауда. Олар: биатлон, шаңғы жарысы, трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл-могул, фристайл-акробатика, тау шаңғысы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты және мәнерлеп сырғанау.



