Жанболат пен Жазираның ұлы Мальдив аралдарында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:10
- 1
Жанболат Ерболатов пен Жазира Байырбекованың ұлы Қазбек Қожахметов сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Қолыңа қонған бақ құсың құтты болсын. Махаббаттарың мәңгі, ниеттерің ақ болсын. Аллам тіл-көзден сақтасын!” – деп жазды ол.
Ұлдары мен келіні діни некесін қидырып қойған. Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас досын құттықтап, желіде жазба қалдырды.
Кадрлардан Қазбек Қожахметовтың қолынан мұсылман неке куәлігін байқауға болады.
Желі қолдануышлары жастарды құттықтап, тілектерін жаудыруда.
«Жастар бақытты болсын. Алла ұзағынан сүйіндірсін. Құтты болсын. Болашақтары жарқын, махаббаттары баянды болсын, «Тіл-көзден аман болсын, бақытты күндері баянды болғай!», «Осындай куаныш менин балама да буйырсын», «Бақытты болсын жастар» деп жазуда.
Ұқсас жаңалықтар
Марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің отбасы өз баспанасын сақтап қалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 20 ақпан, 2026



