Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Емделіп кел деп, көп ақша берді”: Жүрсін Ерман ауырғанда өзіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмектескенін айтты

“Емделіп кел деп, көп ақша берді”: Жүрсін Ерман ауырғанда өзіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмектескенін айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Денсаулығы сыр беріп, қатты ауырған Жүрсін Ерманға мемлекет басшысы көмектескен.

Айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, ақын Жүрсін Ерман қатты ауырғанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмектесткенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол "1001 түн" бағдарламасында баяндады.

Қант диабетінің әсерінен ақынның жағдайы күрт нашарлаған. Алматыдағы ірі медициналық орталықта ем қабылдағанымен, дәрігерлер аяғын кесу қажет екенін айтқан.

"Мені құртқан – қант. Оның қайдан келгенін кім біледі?! Қатты ауырдым. Алматыдағы беделді ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер аяқты кесу керектігін айтты. 

"Бұлай жасамасақ болмайды, өліп қаласың" деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?! Қоймай шетелге барып келемін деп шештім. Швейцарияға кетіп қалдым. Ол жақта құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты”, - дейді ақын.

Айтуынша, шетелге баруға көп қаражат керек болған. Сол уақытта мемлекет басшысы еміне деп ақша берген.

“Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президентім Қасым-Жомарт Тоқаев барып емделіп кел деп, көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен біліп тұрмын, риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні аураханадан екі-үш күні қалды деп шығаратын болды. Қыздарым қарап, шөптермен емдеп, аман алып қалды. Халықтың да қолдауы дем береді", - деп жан сырын ақтарды ақын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар