БҚО-да 68 жастағы шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады: полици пікір білдірді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:40
- 1
БҚО-да шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталды, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Полиция күдіктінің босатылуына қатысты пікір білдірді.
Бұған дейін жәбірленушінің әкесі 68 жастағы ер адам оның кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне апарып, оған қатысты күш қолданғанын айтқан. Оның сөзінше, арыз жазылғаннан кейін күдікті ұсталған, алайда көп ұзамай босатылған.
Сондай-ақ, ол Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеуді жеткілікті деңгейде жүргізбей жатқанын мәлімдеді.
Сол кезде полиция Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы ("Кәмелетке толмағанды зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.
БҚО Полиция департаменті мәліметінше, 2 қаңтарда Ақсайдың 16 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасалғаны туралы хабарлама түскен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Тергеу барысында хат алмасу және істің объектив қаралуына маңызы бар өзге де деректер анықталды. Тергеу нәтижесінде кәмелетке толмағанға қатысты күш қолдану дерегі расталмады. Мұны жәбірленушінің өзі және анасы да растады, олар күдіктіге қатысты ешқандай талап-арыздарының жоқ екенін айтып, қарым-қатынастың өзара келісіммен болғанын мәлімдеді", – деп хабарлады полиция.
БҚО ПД дерегінше, күдікті аудандық әкімдік бөлімінің қызметкері болған. Арыз түскеннен кейін ол қызметінен босатылған. Тергеу жалғасып жатыр, іс полиция департаменті басшылығының бақылауында.



