Спорт
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер берілді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:37
- 38
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров үш бөлмелі пәтерге ие болды.
Миланда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Чемпионға үш бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды.
Сондай-ақ 1 бөлмелі пәтердің сертификаттары мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға берілді. Спортшының жеке бапкері Алексей Урмановқа және ұлттық құраманың бас бапкері Әсем Қасанова да марапатталды.
Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль жеңіп алып, тәуелсіз Қазақстан тарихында қысқы спорт түрлерінен шыққан екінші Олимпиада чемпионы атанды.




