Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Вучич пен Тоқаев не талқылайды?»: Сербия Президенті Астанаға келе жатыр

«Вучич пен Тоқаев не талқылайды?»: Сербия Президенті Астанаға келе жатыр
Dw
Сербия Президенті Астанаға 26-27 ақпан күндері ресми сапармен келе жатыр,-деп хабарлайды Kyn.kz.

26–27 ақпан күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарланған. Тараптар қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен алдағы перспективасын талқылайды.

Кездесуде саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне басымдық беріледі.

Бұл сапар екі ел арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болмақ.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар