Қоғам
Қазақстанда жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынуы мүмкін
- автор kyn.kz
- Бүгін, 20:21
- 1
Елімізде жалғызбасты әйелдер мен ерлерді жұмыс орнынан босатуға тыйым салынуы мүмкін,-деп хабарлайды КҮН.кз.
Қазақстанда жалғызбасты әкелер мен аналардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған норма енгізілуі ықтимал. Ұсынысқа сәйкес, кәмелетке толмаған баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ата-аналарды жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға шектеу қойылуы мүмкін.
Бұл өзгеріс аталған санаттағы азаматтарды табысынан айырудың алдын алуға және олардың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Егер норма заң жүзінде бекітілсе, жұмыс берушілер жалғызбасты ата-аналарға қатысты кадрлық шешім қабылдағанда қосымша талаптарды ескеруі тиіс болады.
Құжат тиісті заңнамалық рәсімдерден өткен соң ғана күшіне енеді.


