Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Петропавлда әйел күйеуін теледидардың пультімен ұрып өлтірді

Петропавлда әйел күйеуін теледидардың пультімен ұрып өлтірді
Сурет: hotline.ua
Әйел азаматтық некедегі күйеуін теледидардың пультімен басынан ұрып, өлтірді.

Петропавлда әйел азаматтық некедегі күйеуін теледидар пультімен ұрып өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 7 ақпан күні таңертең болған. Ішімдік ішіп отырған екеуінің арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Алдын ала дерек бойынша, жанжалды ер адам бастаған. Төбелес кезінде әйел оны теледидардың пультімен басынан бірнеше рет ұрған.

Келесі күні ер адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Он  күннен кейін ол ауыр бас-ми жарақатынан көз жұмды.

Қайғылы жағдайға қатысты облыстық Полиция департаменті агенттік тілшісіне түсініктеме берді.

«Полиция Петропавл қаласының 52 жастағы тұрғынының өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Оқиға 7 ақпанда қаланың жеке үйлерінің бірінде, мән-жайы тергеу барысында анықталып жатқан жағдайда болған. Күдікті ретінде 58 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген ПД түсініктемесінде.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар