Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Түркістанда ерекше фотосессия өткізді,-деп хабарлайды Kyn.kz тілшісі.
Қазақстанның халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Түркістан қаласында @voicebeyondhorizon жобасы аясында түсірілім жұмыстарына қатысты.
Жоба барысында өнер иесі рестайлинг жасалған түйемен арнайы фотосессия өткізіп, тың образда көрінді. Түсірілім киелі Түркістан қаласының тарихи атмосферасымен үйлесім тапқан.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген халықаралық сахнада Қазақстан мәдениетін танытып жүрген өнерпаздардың бірі.
Келесі мақала
Атырау облысында жоғалып кеткен оқушы табылды
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қазақстанда 1 наурыздан бастап бірнеше жаңа заң күшіне енеді
- авторТомирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:45



