«Ғашықтар мерекесі қарсаңында сақ болыңыз»: полиция алаяқтар туралы ескертті
- автор kyn.kz
- Бүгін, 10:33
- 56
Алдағы ғашықтар мерекесі қарсаңында онлайн-саудада белсенділік артады. Осы кезеңді пайдаланатын интернет-алаяқтар да көбейеді. Құқық қорғау органдары тұрғындарды қырағы болуға шақырды.
Мамандардың айтуынша, күмәнді адамдар танымал брендтердің атауын жамылып, жалған интернет-дүкендер ашуы мүмкін. Кейбірі әлеуметтік желі арқылы тым арзан баға ұсынып, алдын ала ақша аударуды сұрайды. Төлем жасалғаннан кейін байланыс үзіліп, сатып алушы қаражатынан айырылып жатады.
Осындай жағдайларға тап болмас үшін:
Бейтаныс парақшалар мен күмәнді сілтемелерге кірмеңіз;
Шектен тыс төмен бағаға сенбеңіз;
Сатушыдан тауарды бейнеқоңырау арқылы көрсетуді және нақты мекенжайын растауды сұраңыз;
Ақшаны жеке карталарға немесе сенімсіз төлем жүйелеріне аудармаңыз.
Мамандар интернет арқылы сыйлық іздегенде асығыстыққа жол бермей, ақпаратты бірнеше дереккөзден тексеруге кеңес береді.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 1 наурыздан бастап бірнеше жаңа заң күшіне енеді
- авторТомирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:45



