Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шенеуніктерден ақша бопсалаған оралдық блогер үш жылға сотталды

Шенеуніктерден ақша бопсалаған оралдық блогер үш жылға сотталды
Әлеуметтік желі
Шенеуніктерден ақша бопсалаған оралдық блогер үш жылға сотталды,-деп хабаралайды Kyn.kz.

Орал қаласының 43 жастағы тұрғыны, блогер Айболат Бөкенов үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу дерегінше, ол әлеуметтік желілерде шенеуніктерді сынаған жазбалар жариялап, кейін оларды өшіру үшін ақша талап еткен. Аудан әкімдері мен бөлім басшылары жәбірленуші ретінде танылған.

Сот барысында айыпталушы алынған қаражаттың бір бөлігін ойынға жұмсағанын айтқан.

Сот үкімімен ол алаяқтық, бопсалау және қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар