Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қыз арнайы мекемеде»: Динара Зәкиева зорланған оқушы қыздардың жағдайы туралы айтты

«Қыз арнайы мекемеде»: Динара Зәкиева зорланған оқушы қыздардың жағдайы туралы айтты
Сурет: жеке парақшасынан
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жыныстық зорлыққа түскен оқушы қыздарға қатысты пікір білдірді.

Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева  кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық оқиғалары туралы айтты. Соның бірі Алматыда 13 жасар қызға қатысты жыныстық қылмыс дерегіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Динара Зәкиева Алматы қаласы, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы қыз балалардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы жасалған қылмыстар жөнінде айтты.

" Алматы қаласы бойынша 2025 жылдың желтоқсан айында іс өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін бап бойынша сотқа жолданды. Алайда сот қарауы барысында іс қайта сараланып, осыған байланысты прокуратураға жүгіндік. Қазіргі кезде ішкі істер министрлігімен, қыздың анасымен және адвокат Ләззат Ракишевамен байланыстамыз. Қыз бала қауіпсіз жерде, арнайы мекемеде", – деп жазды Динара Зәкиева.

Ал БҚО-дағы отбасы психологиялық көмектен бас тартқан. Алайда өңірлік уәкіл тарапынан жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

“Батыс Қазақстан облысында орын алған оқиға бойынша өңірлік уәкіл әкесімен байланыста. Отбасы психологиялық көмектен бас тартты. Соған қарамастан, өңірлік уәкіл тарапынан жеке жұмыс жүргізеді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр”, – деді Динара Зәкиева.

Ал Қостанай облысы бойынша істі қайта қозғау туралы прокуратураға өтініш жолданған. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар