Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Pddtest.kz
Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін енді онлайн ауыстыруға болады,-деп хабарлайды КҮН.КЗ.

Қазақстандықтар сәуір айынан бастап жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін де онлайн форматта ауыстыра алады. Қызмет eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болады.

Бұған дейін онлайн ауыстыру тек қолданыстағы құжат болғанда немесе куәлік жоғалған, ұрланған, сондай-ақ аты-жөні өзгерген жағдайда ғана мүмкін еді.

Жасанды интеллект министрлігі мәліметінше, жаңашылдық жүргізуші куәлігінің барлық санатына қатысты. Алайда мерзімі өтіп кеткен құжатты ауыстыру үшін міндетті түрде медициналық тексеруден өту қажет. Бұл талап көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін енгізілген.

Медициналық тексеруден өткен азаматтардың деректері өтінім беру кезінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Ал куәлікті мерзімі аяқталмай тұрып алдын ала ауыстырған жағдайда медициналық анықтама талап етілмейді.

Қызмет көрсету мерзімі – 60 минут.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар