Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда дәрігер тапшылығы екі жылда 19,6%-ға азайды

Қазақстанда дәрігер тапшылығы екі жылда 19,6%-ға азайды
Pixabay.com
Елімізде дәрігер тапшылығы екі жылда 19,6%-ға азайды,-деп хабарлайды Kyn.kz.

Елімізде дәрігерлердің жалпы жетіспеушілігі соңғы екі жылда 19,6%-ға қысқарды. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 26,7%-ға төмендеген. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, кадр сапасын арттыру үшін бірқатар өзгеріс енгізілген. Атап айтқанда, ақылы бөлімге түсушілер үшін ҰБТ шегі 80–90 балға дейін көтерілген. Сонымен қатар, үшінші курстан кейін студенттердің білімін міндетті тексеру тетігі енгізілді. Теория мен тәжірибе арасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында оқу жоспарларына қосымша 300 сағаттық бейіндік пәндер енгізілген.

2025 жылы тапшы мамандық иелері саналатын 529 дәрігер 8,5 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алған. Әлеуметтік жеңілдіктер мен қызметтік тұрғын үймен қамтылған медицина қызметкерлерінің саны 30%-ға артқан. Нәтижесінде ауылдық елді мекендерге мыңнан астам маман тартылған.

Қауіпсіздік мәселесіне де назар аударылған. Ресми ақпаратқа сәйкес, Ішкі істер органдарымен бірлесіп медициналық мекемелерде полиция посттарын орнату жоспарланған. Сондай-ақ жедел жәрдем фельдшерлерін бейнежетондармен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар