Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Допинг дауы: бокс федерациясының президенті Жәнібек Әлімханұлына қатысты мәлімет айтты

Допинг дауы: бокс федерациясының президенті Жәнібек Әлімханұлына қатысты мәлімет айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Жәнібек Әлімзанұлының допинг қолданылмағаны анықталған.

Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті, тәртіптік комиссияның төрағасы Рақымжан Ерденбеков боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауын тергеу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Рақымжан Ерденбеков Instagram желісіндегі парақшасында 9 қаңтардан бастап федерация төрт отырыс өткізгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, әрбір жаттығу, тамақтану режимі, қалпына келуі және дәрумендерді қабылдауы талданған.

"Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, әр азаматқа денсаулық сақтау және медициналық көмек алу құқығына кепілдік берілген, бұл құқықтан ешкім шеттетілмеуге тиіс.

Бұл істе ол затты спорттағы өнімділігін арттыру үшін қолдану ниеті болған жоқ. Зат спортшының ағзасына өмірлік маңызды көрсетілім бойынша енген, спортшының өзі оның құрамында мельдоний бар екенін білмеген. Тексеруден кейін медициналық мекемеде емдеу басталды, демалыс күні болғандықтан және оның жағдайы кейінге қалдырмай араласуды қажет ететіндіктен шұғыл түрде көмекке жүгінді", - деп жазды федерация президенті.

Ерденбеков дәрігер спортшыға рұқсат берілген препаратты тағайындаған айтты.

"Дәрігер тағайындаған "Репронат" препараты Қазақстанда тыйым салынбаған және бүкіл Қазақстан бойынша іс жүзінде қолданылады. Ол дәріханаларда еркін сатылады. Спорт саласына қатысы жоқ дәрігер тыйым салынған заттар бойынша VADA хаттамасын білуге міндетті емес. Тек мамандандырылған спорт дәрігерлері ғана VADA хаттамаларын толық біледі, себебі олардың жұмысына тікелей қатысы бар", - деп түсіндірді ол.

Айтуынша, Жәнібек Әлімханұлының әуесқой немесе кәсіби мансабында ешқашан допинг қолданғаны анықталмаған және әрқашан допингке қарсы мәдениетті жоғары деңгейде сақталған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар