Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жаңа Конституция жобасын сынаған Оразалы Ержанов қамауға алынды

Жаңа Конституция жобасын сынаған Оразалы Ержанов қамауға алынды
Respublika
Конституция жобасын сынаған Оразалы Ержанов 10 тәулікке қамалды,-деп хабарлайды Kyn.kz.

Жаңа Конституция жобасын ашық сынап жүрген қоғам белсендісі Оразалы Ержанов ұсталды. Оның жұбайының айтуынша, Ержановты түнгі уақытта алып кетіп, үйінде тінту жүргізілген.

Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

«За нами уже выехали» арнасының хабарлауынша, белсендінің әлеуметтік желідегі жазбаларынан нақты емес ақпарат және референдумға бойкот жариялауға шақыру белгілері анықталған. Осыған байланысты сайлау құқығын жүзеге асыруға ықтимал кедергі келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде ұсталғаны айтылды.

Айта кетейік, Оразалы Ержанов жуырда референдумға қатысты «ақылды бойкот» идеясын ұсынған болатын. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар