Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Мүшесін тақап, киімінің сыртынан істеген”: Шымкентте мұғалім 7 жасар оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді

“Мүшесін тақап, киімінің сыртынан істеген”: Шымкентте мұғалім 7 жасар оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді
Сурет: leto.clinic
36 жастағы мұғалім оқушы зорлады деп айыпталуда.

Шымкент қаласында 36 жастағы мұғалім 7 жасар оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Оқиға 25 ақпанда мектепте болған.

«Менің 7 жасар қызыма ағайы тиіскен. Сағат 12:40 шамасында сабақтан келді. Өңі біртүрлі, көзіне жас толып тұр. Қызым, не болды деп сұрап едім, "ұят қой, мама" деп айтқысы келмей тұр. Содан жағдайды дұрыстап сұрай бастадым», - дейді мұғалімнен жәбір көрдім деген оқушының анасы.

Жеткіншек ағайының біртүрлі адам екенін айтқан.

«Мама, менің төмен жағым ауырып тұр. Ағай партаның жанына келіп, басымды төмен жағына тақады. Аузыма қатты бір нәрсе тиді деді. Қызымды алдына отырғызып, сипалаған. Мүшесін тақап, киімінің сыртынан істеген. Қызым тұрайын десе, мұғалім жібермеген. «Жіберіңізші, ауырып кетті» деп айтса да қолынан қатты ұстап алып жібермеген», - дейді әйел.

Мына сұмдықты естіген ана жалма-жан мектепке жүгіреді.

«Директорды, ағайды шақырыңыздаршы, камераны көтеріңіздер, осындай жағдай болыпты дедім. Ағайы келді де "жоқ-жоқ" деп күмілжіп, жылап жіберді. Неге жылап отырсыз, неге қызыма тиісесіз дедім. Ағайы сөйлей алмай жылап отыр», - дейді әйел.

Оның айтуынша, директор камераны ашудан түбегейлі бас тартқан. Амалы құрыған оқушының анасы күйеуін шақырады.

«Директор күйеуімді ұрып, 5-6 ата-ана бізге шабуыл жасап, мектептен қуып шығып, есікті жауып алды. Біз 102 шақырып, полиция бөліміне бардық. Камераны көтердік, камерада барлық әрекеті түсіп қалған. Қызымның жанына келгені, басын мүшесіне тақап біртүрлі әрекет жасағаны, алдына отырғызып алғаны – бәрі түсіп қалған. Қызым қарсыласса, көтеріп алып қайта отырғызып алады. Бәрі видеода тұр», - дейді оқушының анасы.

Оқиғадан кейін не мектеп директоры, не тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші оқушының жағдайын сұрап хабарласпаған.

Оқушының ата-анасы Human Rights Lawyers қорына хабарласып, ақыл-кеңес сұраған. Қордың төрағасы Ләззат Рақышева оқиға туралы айтты.

«Біз отбасыға заңгерлік кеңес бердік. Олар полицияға барып арыз жазды. Мұғалімге қатысты Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді Ләззат Рақышева.

Ал Шымкент қалалық полиция департаменті фактіні анықтап жатқанын жеткізді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар