Басты жаңалықтар
Енді Қазақстанда әкімшілік бұзушылықтарға автоматты түрде айыппұл салынады
- автор kyn.kz
- Бүгін, 16:34
- 31
Қазақстанда әкімшілік бұзушылықтарға автоматты айыппұл салынады,-деп хабарлайды Күн.кз.
2026 жылғы 12 наурыздан бастап Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылықтарға автоматты түрде айыппұл салу тәжірибесі кеңейтіледі.
Енді «автоматты режим» арқылы, яғни камералар, дрондар және ақылды жүйелер кез келген азаматтың әкімшілік тәртіп бұзушылығын тіркей алады. Мысалы:
Қоқыс тастауға;
Аялдамада шылым шегуге;
Басқа қоғамдық ережелерді бұзуға.
Жүйе адамның жеке басын анықтап, ақпаратты мемлекеттік деректер базасымен тексергеннен кейін, айыппұл хатсыз-ақ автоматты түрде жіберіледі.
Бұл шара қоғамдық тәртіпті қадағалауды жеңілдетуді мақсат етеді, алайда азаматтар үшін жаңа міндеттер мен жауапкершіліктер енгізеді.



