Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлады

Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлады
Сурет: arena.olimpbet.kz
Димаш Құдайаберген уәдесінде тұрып, Михаил Шайдоровқа Hyundai Palisade автокөлігін сыйға тартты.

Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Димаш Құдайберген мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа уәде еткен көлігін сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Милан Олимпиадасында жеңіске жеткен Михаил Шайдоровты Димаш Құдайберген құттықтап, автокөлік сыйлайтынын айтқан еді.

"Құрметті ағайын, не деген мереке, не деген той! Мұз үстіндегі өнерің сені чемпион ғана емес, дүйім жұртқа рух пен шабыт сыйлаған үлкен азаматқа айналдырды. Халқымыздың алдындағы борышыңды өтедің. Әнімді орындап, мені де марқайттың! Мишабай, бауырым, Олимпиада алтыны құтты болсын! Ағаң Дениске, халқыңа берген сертіңді орындадың. Мұз үстіндегі болашағың жарқын болсын. Талантпен әлемді бағындыра бер! Олимпиадада менің орындауымдағы әнді таңдағаның да қуантты. Саған темір тұлпар сыйлаймын", – деген еді Димаш Құдайберген.

Белгілі болғандай, Димаш Михаил Шайдоровқа Hyundai компаниясының Hyundai Palisade автокөлігін сыйға тартты. Бұл көліктің нарықтағы бағасы 34 миллион теңгеден басталады.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров Олимпиадада еркін бағдарламада Димаш Құдайбергеннің орындауындағы SOS d’un terrien en détresse әніне өнер көрсетті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар