Астанада 8 наурыз мерекесіне орай әйелдерге бір реттік төлем беріледі
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:24
- 36
Халықаралық әйелдер күніне орай Астанада кей санатқа жататын әйелдер бір реттік төлем алады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметі бойынша, 8 наурызда шамамен 37 000 азамат 2,5 АЕК (немесе 10 813 теңге) көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек алады.
"Бұл төлем Астана мәслихатының және Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының шешімі бойынша бекітілген әрі Астанада әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу мен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Төлем Әлеуметтік төлемдер орталығының ақпараты негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын аз қамтылған аналарды қоса алғанда, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы отбасылар мен көп балалы аналарға төленеді.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте мұғалім 7 жасар оқушыға азғындық жасады деген күдікпен ұсталды
- авторkyn.kz
- 26 ақпан, 2026



