Пәкістан Ауғанстандағы тәліптер үкіметіне соғыс жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 ақпан, 2026
- 156
Пәкістан Ауғанстандағы "тәліптер" үкіметіне "ашық соғыс" жариялады. Бұл туралы қорғаныс министрі Хаваджа Асиф Исламабад айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі РБК-ға сілтеме жасап.
"Енді бізде ашық соғыс жүреді. Бұл қанды соғыс болады. Пәкістан армиясы теңіздің арғы жағынан келген жоқ. Сендердің көршілеріңбіз, сендердің уақыттарыңды білеміз" - деп жазды Асиф әлеуметтік желіде.
Министр Талибан үкіметін «Ауғанстанды үнді отарына айналдырды», «әлемнің түкпір-түкпірінен лаңкестерді әкеліп, терроризмді экспорттайды», «Үндістанның қуыршақтарына айналдырды» деп айыптады.
Еске салсақ, бұқаралық ақпарат құралдары бұған дейін 26 ақпанда ауған әскери күштері Пәкістанның шабуылына жауап ретінде Дюранд сызығы бойында — Хост, Пактия, Нуристан және басқа да бірнеше аудандарда Пәкістанға қарсы операциялар бастағанын хабарлаған.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату туралы келісімді қолдады
- авторТомирис Тоныкөк
- 8 сәуір, 2026
АҚШ пен Иран уақытша атысты тоқтату жөнінде келісімге келді
- авторТомирис Тоныкөк
- 8 сәуір, 2026




