Щучинскдегі кафеде болған жарылыс: зардап шеккен 4 адамның жағдайы белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:18
- 36
Щучинскдегі кафеде болған жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің мәліметінше, 26 ақпанда сағат 22:01-де Щучинск қаласындағы Бурабай аудандық ауруханасына "Центр плова" кафесінен газ-ауа қоспасының жарылысы туралы шақырту түскен.
Қазіргі уақытта Бурабай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр және аса ауыр хәлдегі 4 науқас жатыр, 3 науқас травматология бөлімінде, 8 адам амбулаториялық ем қабылдауда. 6 науқас Көкшетау қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханаға эвакуацияланған.
Еске салсақ, кеше түнде Щучинск қаласында бір қабатты кафеде жарылыс болып, өрт шықты. Оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шегіп, 7 адам қаза тапты. Марқұмдардың бірі кәмелет жасына толмаған.


