Қоғам
"Әскери қызметтен жалтарғандар бас бостандығынан айырылады": Қорғаныс министрі жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 ақпан, 2026
- 972
Қорғаныс министрі әскери қызметтен жалтарғандарға қандай жаза қолданылатынын айтты.
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскерге шақырудан жалтарған азаматтарға қандай жаза қолданылатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде “әскерден жалтарғандар түрмеге қамалады” деген ақпарат тараған. Осыған байланысты журналистер рас-өтірігін министрден сұрады.
“Олар іс қозғайды. Алдымен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Кейін қылмыстық жауапкершілік көзделуі мүмкін. Бас бостандығынан айыру туралы шешімді сот қабылдайды”, – деді Қосанов.
Келесі мақала
Ресейде XFG штаммы анықталды: Қазақстанға қаупі бар ма?
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Павлодарда моншаға келген әйел жас қызметкерді соққыға жықты
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 қазан, 2026




