Боран, дауыл, көк тайғақ: Көктемнің алғашқы кіүніне арналған ауа райы болжамы
- автор kyn.kz
- Бүгін, 10:23
- 18
Синоптиктер Қазақстанда алдағы демалыс күндері суық болатынын болжады.
Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыс желі: түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 30-32, күндіз 12-14 градус аяз.
Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде 11-13, күндіз 3-5 градус аяз.
Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Солтүстік-шығыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 2-4 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.
Ақмола облысы - күндіз облыстың батысында аздаған қар. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 30-35, облыстың батысында 25, күндіз 12-17 градус аяз.
Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі: түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы: түнде 30-32, күндіз 14-16 градус аяз.
Алматы облысы - түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, бұрқасын, күндіз таулы аудандарда аздаған қар. Оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 9-14, шығысында, тау бөктері мен таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы: түнде 8-13, орталықта және таулы аудандарда 17-22 градус аяз, облыстың солтүстігінде қатты аяз - 25 градус, күндіз 1-6, солтүстігінде және таулы аудандарында 8-13 градус аяз.
Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 17-19, күндіз 8-10 градус аяз.
Жетісу облысы - түнде облыстың таулы аудандарында қар. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыс желі 9-14, Алакөл көлдері маңында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасы: түнде 17-22, облыстың оңтүстігінде 7-12 градус аяз, солтүстігінде қатты аяз - 25 градус, күндіз 6-11, оңтүстігінде 2 градус, солтүстігінде және таулы аудандарында 14 градус аяз.
Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде 20-22, күндіз 8-10 градус аяз.
Түркістан облысы - облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын. Батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыс желі 8-13, солтүстігінде және таулы аудандарында 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде 2-7, облыстың солтүстігінде 12-17 градус аяз, күндіз 5-10, оңтүстігінде 10-15 градус жылы, солтүстігінде және таулы аудандарында 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін.
Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Солтүстік-шығыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 3-5 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 10-15, облыстың батысында және оңтүстігінде 5 градус аяз, күндіз 0-5 градус аяз, батысында және оңтүстігінде 3 градус жылы.
Орал - бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 10-12, күндіз 1-3 градус аяз.
Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Шығыс, оңтүстік-шығыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 3-8, облыстың шығысында 11 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы.
Атырау - ашық, жауын-шашынсыз. Шығыс, оңтүстік-шығыс желі 2-7 м/с. Ауа температурасы: түнде 6-8 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
Маңғыстау облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын, түнде және таңертең кей уақыттарда қатты жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ. Түнде облыстың орталығында бұрқасын. Оңтүстік-шығыс желі 9-14, түнде шығысында және орталығында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде 0-5, облыстың солтүстік-шығысында 8 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы, солтүстік-шығысында 3 градус аяз.
Ақтау - бұлтты, түнде және таңертең қар, кей уақыттарда қалың қар, көктайғақ. Оңтүстік-шығыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Ақтөбе облысы - облыстың солтүстік-шығысында аздаған қар. Оңтүстік-батыс, оңтүстік желі 5-10 м/с. Ауа температурасы: түнде 10-15, шығысында және орталығында 18, күндіз 0-5, шығысында 8 градус аяз.
Ақтөбе - бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс, оңтүстік желі 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде 10-12, күндіз 1-3 градус аяз.



