Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде иттерді атып, өлексесін гараж маңына тастап кеткен

Ақтөбеде иттерді атып, өлексесін гараж маңына тастап кеткен
Фото: Видеодан кадр
Авиагородок ауданында гараждар маңынан бірнеше иттің өлексесі табылды. Куәгерлердің айтуынша, жануарлар атылған болуы мүмкін, ал денелері қар үстінде сол күйі қалған.

Авиагородок ауданында гараждар маңынан бірнеше иттің өлексесі табылды. Куәгерлердің айтуынша, жануарлар атылған болуы мүмкін, ал денелері қар үстінде сол күйі қалған.

Тұрғындар әлеуметтік желіде жарияланған видеолар мен жағымсыз иістен, сондай-ақ инфекция тарау қаупінен алаңдап, жауапты мекемелерден шұғыл шара қолдануды талап етуде. Қоғам арасында «Иттерді чиптеп, бюджет қаражатын жұмсаған соң, неге соңында атып тастайды?» деген сұрақ та қызу талқылануда.

Ең басты мәселе — өлекселердің дер кезінде жиналмауы. Бұл тек адамгершілік ғана емес, санитарлық қауіпсіздікке де қатер төндіреді, әсіресе гараж маңы сияқты адамдар көп жүретін аумақтарда.

Қала әкімдігі мен ветеринарлық қызмет иттерді ату фактісі, өлекселердің ашық жерде қалдырылуы және жауапты қызметтердің бақылауы бойынша нақты түсініктеме беруі қажет. Тұрғындардың денсаулығы мен қоғамдық қауіпсіздік бірінші орында.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар