Қоғам
«Өз әке-шешесі мен қарындасын өлтіріп, денелерін бөлшектеген»: Астанадағы ауылдың бірінде жантүршігерлік қылмыс болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:39
- 40
Ауыл тұрғыны өзінің әке-шешесін және қарындасын жауыздықпен өлтіріп, денелерін бөлшектеп, тастаған.
Астана маңындағы Жібек жолы ауылында отбасы мүшелері қатігездікпен өлтірілгені туралы ақпарат желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ақмола облысының полиция департаменті оқиғаны растады.
Жібек жолы ауылының тұрғыны өзінің әке-шешесін және қарындасын жауыздықпен өлтіріп, денелерін бөлшектеп, тастаған. Марқұмдар саны әлі нақтыланып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.
«Бұл қылмысқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Күдікті ізін суытпай ұстап, уақытша қамау изоляторына қамалды», - деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.
Полиция Жібек жолы ауылында тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.


