Семейде ерлі-зайыпты сұмдық әрекеттерімен адамдарды сан соқтырды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 09:41
- 42
Семей қаласында мемлекеттен заңсыз тұрғын үй алып береміз деп уәде еткен ірі алаяқтық дерегі бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды kyn.kz.
Полицияға Семей қаласының 36 жастағы тұрғыны жүгінген. Әйелдің айтуынша, 2025 жылдың тамыз айында ол 56 жастағы әйел мен оның 59 жастағы жұбайының банк шотына бес миллион теңге аударған.
Ерлі-зайыптылар жәбірленушіге кезексіз, мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беруге көмектесетінін айтқан. Алайда уәде орындалмаған, ал аударылған қаражат қайтарылмаған.
Аталған факті бойынша адамдар тобы жасаған ірі көлемдегі алаяқтық дерегімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерден келу туралы міндеттеме алынған.
«Мемлекеттік тұрғын үй, әлеуметтік төлемдер немесе жеңілдіктер мәселесін заңсыз жолмен шешіп береміз деген кез келген ұсыныс – қылмыстық жауапкершілікке апаратын тура жол. Делдалдарға сенбеңіздер және ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіздер», – деп мәлімдеді полиция.




