«Димаш па, әлде Сәкен бе?» – «Маскадағы адамның» кім екені белгілі болды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 12:40
- 46
Ораза айында болған қайырымдылық шарасы қоғамда кең резонанс тудырды. Көпшілік арасында «Маскадағы адам» атанып кеткен бетперде таққан азамат 30 отбасыға су жаңа пәтердің кілтін табыстап, шамамен бір миллион доллар көлеміндегі баспананы сыйға тартқан. Бұл туралы Malim.kz хабарлады.
Қайырымдылық аясында көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар және асыраушысынан айырылған азаматтар баспаналы болған. Пәтерлер толық дайын күйінде берілген.
Әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында:
«Ораза айында бетпердедегі жігіт 30 отбасына 30 пәтер сыйлады. Осы жігіт кім? Қалай ойлайсыз?» – деп жазып, оқырмандарына сауал тастаған.
Желі қолданушыларының бір бөлігі бұл игі істің артында Димаш Құдайберген болуы мүмкін деген болжам айтты. Пікірлер арасында «Димаш қой», «Біздің Димаш сияқты» деген жазбалар жиі кездескен. Кейбірі бұл шараны әншінің туыстары арқылы ұйымдастырған болуы мүмкін деген жорамал да келтірген.
Ал өзге қолданушылар бетперделі азаматтың келбеті Сәкен Майғазиевке ұқсайтынын жазған.
Сондай-ақ танымал актер Алмат Сақатов ел ішінде «Маскадағы адам» атанып жүрген блогердің кім болуы мүмкін екеніне қатысты пікір білдірген.
Әзірге қайырымдылық жасаған азаматтың нақты кім екені ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен, бұл бастама қоғам тарапынан жоғары бағаланып, әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.




