Басты жаңалықтар
Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыста ешбір тарапты қолдамайды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 13:14
- 41
Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыста ешбір тарапты қолдамайды,-деп хабарлпйды KYN.KZ.
Қазақстан Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты бейтарап ұстанымда екенін мәлімдеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев айтты.
Оның сөзінше, Қазақстан өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпайды және қақтығысқа қатысушы тараптардың ешқайсысын қолдамайды.
«Біз ешқандай тарапты қолдамаймыз. Иран тарапын да, соққыға ұшыраған елдердің тарапын да», – деді Бақаев.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран мәселесі бойынша келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуға дайын екенін білдірді. Ведомство Қазақстанның бұған дейін де халықаралық келіссөздер ұйымдастыру тәжірибесі бар екенін атап өтті.
Ресми Астана өңірлік тұрақтылық пен дауларды дипломатиялық жолмен шешуді қолдайтынын мәлімдеп отыр.




