Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«1 миллион теңге»: Көлік министрі желіде талқыға түскен бас киімінің бағасына қатысты айтты

«1 миллион теңге»: Көлік министрі желіде талқыға түскен бас киімінің бағасына қатысты айтты
Сурет: kaztag.kz
Көлік министрі талқыға түскен бас киімнің бағасы қанша екенін айтты.

Әлеуметтік желіде осыған дейін Мәжіліске Италиялық Loro Piana брендінің кепкасын киіп келген Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың бас киімі қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары шенеуніктің бас киімі 1 миллион теңге тұратынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Оның видеосы желіде тарап, онда министрдің қымбат киіммен Парламент ғимаратына кіріп бара жатқаны көрсетілген. Желі қолданушылары шенеунік киген бас киім шамамен 1 миллион теңге тұратынын жеткізді. 

Үкімет брифингінде журналистер Сауранбаевқа қымбат киіміне қатысты сұрақ қойды.

“Шынымды айтсам, брендтерді онша түсінбеймін. Өмірде аскетпін... Енді білдім. Бірақ бағасы туралы айтылған мәлімет қате деп ойлаймын”, – деді министр.

Бұл бас киімді жеңілдікпен алғанда кемінде 500 мың теңге болуы мүмкін деген сұраққа, министр оның бағасы әлдеқайда арзан екенін жеткізді.

Министр бас киімнің нақты бағасы мен брендін ашып айтпады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар