Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды

Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
Сурет: видеодан скриншот
Ақмола облысының прокуратурасы Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталғанын хабарлады.

Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жарылыс пен өрт салдарынын бірнеше адам қаза тапқан болатын.

Прокуратура мәліметінше, Щучинскідегі "Центр плова" дәмханасында болған өрт дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. 2 наурызда дәмхана иесі ұсталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Еске салсақ, Ақмола облысы Щучинскідегі дәмханада жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапқан. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Екі науқастың көз жұмғаны хабарланды.

Денсаулық сақтау департаменті жансақтау бөлімінде жатқан тағы екі адамның қайтыс болғанын хабарлаған болатын, осылайша қаза тапқандар саны тоғызға жетті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар