Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Қазақстанда алдағы күндері – 25 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда алдағы күндері – 25 градусқа дейін аяз болады
Сурет: vesti-yamal.ru
Синоптиктер алдағы күндері күн суытатынын болжады.

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп  хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мерекелік демалыс қарсаңында елімізде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде кей кездері қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, ал елдің оңтүстігінде нөсер жаңбыр болуы мүмкін.

Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік өңірлерде боран соғуы ықтимал, ал оңтүстікте найзағай болуы мүмкін.

Соңғы күндері ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауынан кейін, болжам кезеңінің соңына қарай елдің батысы мен солтүстік-батысына қайтадан арктикалық суық ауа таралады.

«Батыста түнгі уақытта ауа температурасы 5–15 градус аязға дейін төмендейді, солтүстік-батыс пен қиыр солтүстікте 15–25 градус аяз болуы мүмкін. Ал елдің оңтүстігі мен шығысында температураның әрі қарай жоғарылауы күтіледі, мұнда көктемнің жылы лебі сезіледі», — деді метеорологтар.

11 наурыздан бастап елдің орталығы мен шығысында ауа температурасы төмендеуі мүмкін.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар