Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

«Жылы сөзбен демеп жібергенде...»: Дина Төлепберген Жанар Хамитованы құтқарып қала алмағанына өкінетінін айтты

«Жылы сөзбен демеп жібергенде...»: Дина Төлепберген Жанар Хамитованы құтқарып қала алмағанына өкінетінін айтты
Сурет: видеодан скриншот
Дина Төлепберген өз өкінішімен бөлісті.

Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген марқұм әнші Жанар Хамитованы еске алып, оны құтқарып қала алмағанына өкінетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы  Тимур Балымбетовке берген сұхбатында әңгіме қылды. Тележүргізуші өзін Жанар Хамитованың тағдыры әлі де ойландыратынын жеткізді. Тележүргізуші әншіні эфирге шығарғаннан кейін өмірі тез өрбіп кеткенін айтты.

“Адамдар “Неге екі балаңды күйеуіңе қалдырдың? Сен жақсы ана емессің, безбүйрек анасың” деген үлкен сын тақты. Мен ойланамын, егер мен сол кезде бір ғана тұсын, яғни жоқшылығын көрсетіп, балаларға қатысты мәселесін айтпағанымда немесе эфирде тұрып “Бұл безбүйрек ана емес, күйеуімен арасында осындай шарт болған екен. Негізі әрбір баланың кіммен бірге тұруға таңдауға құқы бар ғой, демек біз баланың таңдауын құрметтеуіміз керек. Біз ол үшін Жанарды жазғырмайық, қазақ елі” деп айтуым керек пе еді деп ойлаймын. Бәлкім, осы сөздер оны құтқарып қалар ма еді деп те ойлаймын”, – деді ол.

Дина Төлепберген Жанар Хамитованы өзге де бағдарламаларға қатысқанын, бірақ ол жерде эфирлік этика мүлде сақталмағанын айтты. Сөзінше, әнші мұның бәрін көтере алмаған. Сол себептен де ол өкінішін жасырмады.

“Біздің бағдарлама жазғы демалысқа шыққаннан кейін оны көп бағдарлама шақырды, сөйтіп ол бағдарламалар этикадан жұрдай болды. Ол осының бәрін көтере алмай өз-өзіне қол жұмсады, бірақ айналып қарасақ, ең алғаш эфирге шығарған мен. Әрине, оның өліміне себепкер болған мен емес, десе де өзіме “Неге мен оны құтқарып қала алмадым?. Бәлкім, жылы сөзбен демеп жібергенде құтқарып қалуға болар ма еді. Тағы да атап өтетін жайт, үлкен психологиялық жағдай бар, өйткені мамандар Жанардың бойында ауру тапқан еді. Біз психологиялық орталықпен келісіп, ем-домын қабылдау керек еді. Алайда ол бір-екі қабылдауға барып, кейін бармай кеткен, мен бұл туралы Жанардың қазасынан кейін білдім”, – деді ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар