Мархаба Сәби көптен күткен екінші сәбиін босанды.
Танымал әнші, әрі композитор Мархаба Сәби 10 жыл күткен сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әнші екінші сәбиін босанды.
"10 жыл күткен ботақанымыз, қош келдің", - деді өнер иесі.
Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп жатыр.
"Бауы берік болсын!", "Ғұмырлы болсын кішкентай", "Оң болсын қуанышыңыз", "Балаппанның бауы берік болсын!", "Көз тимесін" деп жазды олар.
Жақында 35 жастағы әнші "Мама, болма алаң" атты әнін жарыққа шығарған болатын.




