Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Тұрғын үй бағасының төмендеуі мүмкін емес - «Отбасы банкі» төрайымы

Тұрғын үй бағасының төмендеуі мүмкін емес - «Отбасы банкі» төрайымы
Сурет: chehov-life.ru
"Отбасы банк" елімізде баспана бағасы өспесе, төмен түспейтінін айтты.

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Қазақстанда алдағы жылдары тұрғын үй бағасының төмендеуі екіталай екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жылжымайтын мүлік нарығына демографиялық фактор әсер етіп отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ибрагимова 2000-жылдардың басында елде туу көрсеткіші күрт өскенін еске салды. Банк басшысының айтуынша, сол буын өкілдері қазір тұрғын үй нарығына шығып жатыр.

«2000 жылы туғандар қазір 26–27 жасқа келді. Сәйкесінше, олар тұрғын үй нарығында өте жоғары сұраныс қалыптастырып отыр», — деді банк төрайымы Үкіметтегі брифингте.

Нарыққа қосымша жүктеме жас отбасылардың көбеюіне де байланысты. Ләззат Ибрагимованың мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 120–130 мың неке тіркеледі.

Оның айтуынша, алдағы жылдары жылжымайтын мүлік нарығына дәл осы демографиялық фактор айтарлықтай әсер етеді.

«Бағаның қымбаттауы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ бағаның төмендеуі болмайды деп нақты айта аламын», — деді «Отбасы банк» басқарма төрайымы.

Оның сөзінше, екінші нарықта (қайталама тұрғын үй нарығында) тоқырау болуы мүмкін, ал жаңа үйлердің бағасына құрылыс материалдарының құны мен саладағы жалақы деңгейі әсер етеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар